
28
KZ
Плитаның жаңа қуатты шектеу мəнін жазуды аяқтау
реті:
Сол жəне оң жақ шеткі қыздырғыштардың [+] жəне [-]
түймелерін басыңыз.
Сонда плитаның жаңа қуатты шектеу мəні жазылып,
жүйе қалпына келтіріледі.
Өзгертуді жазбай, аяқтау:
60 секунд ішінде ешқандай əрекет жасалмас,
өзгертулер жазылмайды жəне жүйе қалпына
келтірілмейді.
Пісіру аймақтарын қосу
Əр пісіру аймағы (-) жəне (+) POWER (ҚУАТ)
түймелеріарқылы қосылады жəне басқарылады, олар
қуат деңгейін реттеу үшін де қолданылады.
• Пісіру аймағын пайдалану үшін, (-) жəне (+) POWER
(ҚУАТ) түймелері көмегімен қажетті қуат деңгейін
(0 - 9) қойыңыз.
Қуат деңгейін бірден "9" мəніне апару үшін, POWER
(ҚУАТ) түймесінбасып тұрыңыз
"0" деңгейіне қайтару үшін, (-) жəне (+) POWER (ҚУАТ)
түймелерін бірге басып тұрыңыз.
Қуат деңгейі
"0" болса, тез көтеру үшін (+) түймесін
басып тұрыңыз.
Тез қайнату- "Күшейткіш" функциясы
Қыздыру уақытын қысқарту үшін, кейбір пісіру аймақтары
үшін күшейткіш функциясын пайдалануға болады..
Оны
(+) POWER (ҚУАТ) түймесін 9-деңгейге дейін басу
арқылы қосуға болады. Пісіру аймағының мөлшеріне
сəйкес бұл функция қуатты 1600 Вт немесе 2000 Вт
шамасына дейін күшейтеді.
Күшейткіштің қосылғанын дыбыстық сигнал мен
таңдалған пісіру аймағының дисплейінде "Р"
таңбасының көрсетілуінен білуге болады
Күшейткіш көп дегенде 10 минут істейді. Осы 10
минуттан кейін дыбыстық сигнал беріліп, пісіру аймағы
"9" деңгейіне қайтарылады
Қыздырғыш күшейткіш деңгейінде тұрып, [+] түймесі
түртілсе, қате дыбыстық сигналы беріліп, параметр
өзгермейді. Қыздырғыш күшейткіш деңгейінде
тұрып, [-] түймесі түртілсе, дыбыстық сигналы
беріліп, параметр 9-ға түседі.
Пісіру аймақтарын өшіру
Пісіру аймағын өшіру үшін, (-) жəне (+)
POWER (ҚУАТ) таңдау түймелерін бірге түртіңіз.
Дыбыстық сигнал беріліп, тиісті дисплейде "0" мəні
көрсетіледі.
Таймерді пайдалану
! Барлық пісіру аймақтарына 1 жəне 99 минут
аралығындағы бір уақыт бағдарламасын орнатуға
болады.
1. INCREASE / REDUCE TIME (УАҚЫТТЫ АЗАЙТУ/
КӨБЕЙТУ) түймелері көмегімен таймерді қосыңыз.
Дыбыстық сигнал беріліп, таймерді "00" мəні көрсетіледі
де, пісіру аймағының дисплейлері "t" таңбасын
жыпылықтатып тұрады, пісіру аймағын таңдау қажет.
2. Кез келген пісіру аймағының (+) немесе (-) түймесін
басу арқылы қажетті пісіру аймағын таңдаңыз.
Дыбыстық
сигнал беріліп, қуат деңгейі таңдалмаса
пісіру аймағының жанындағы ЖД жыпылықтайды,
таңдалса - жанады. Уақытты таңдау керек екенін
көрсетіп таймер дисплейі жыпылықтай бастайды
3. Қайтадан INCREASE / REDUCE TIME (УАҚЫТТЫ
АЗАЙТУ/КӨБЕЙТУ) түймелерін басу арқылы қажетті
пісіру уақытын таңдаңыз.
! Пайдаланушы бір жолы тек бір қыздырғышты таңдай
алады.
! (+) жəне (-) пернелерін басып тұрса, уақыт тезірек
таңдалады.
! Уақыт 10 секунд
ішінде таңдалмаса, таймер өшеді.
! Таңдалған уақыт "00" болса, 10 секундтан кейін
таймер өшеді.
Таймер кері санағының басталуы
Кері санақ
INCREASE (+)/ REDUCE(-) TIME (УАҚЫТТЫ
АЗАЙТУ/КӨБЕЙТУ) түймелерін басқаннан кейінгі
10 секундта басталады
. Қуат деңгейі таңдалса,
дыбыстық сигнал беріліп, таймер дисплейі
жыпылықтауын тоқтатады. Қыздырғышы ЖД да
солай болады.
Соңғы минут секундпен көрсетіледі.
! Таймер жүріп жатқанда, пайдаланушы
INCREASE
/ REDUCE TIME (УАҚЫТТЫ АЗАЙТУ/КӨБЕЙТУ)
түймелерінің көмегімен уақыт шамасын өзгерте
алады
. Кері санақ тоқтап, таймер уақытты таңдау
күйіне ауысып, уақыттың таңдалуын күтеді.
Таймер кері санағының аяқталуы.
Таймерде орнатылған уақыт біткенде, тиісті
қыздырғыш өшіп, таймер дисплейі мен қыздырғыш
ЖД жыпылықтай бастайды жəне бір минут бойы дабыл
сигналы беріледі. Таймердің дабылын пайдаланушы
кез келген уақытта, тіпті дабылдың бірінші минутында-
ақ алып тастай алады. Таймер дабыл күйінде тұрғанда,
оны басқару тақтасындағы кез келген түйме арқылы
өшіруге болады.
Comentarios a estos manuales